Шымкент қаласында Парламент Сенатының депутаттары, Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесу өтті  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында 2025 жылғы 9 шілдеде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Парламент Сенатының депутаттары, Конституциялық Сотжәне Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен көшпелі сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кездесу барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен заң саласының өкілдері алдында Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров, Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев, сондай-ақ Бас Прокурордың аға көмекшісі Ерік Асанов сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөздерінде Конституцияның тәуелсіздіктің негізі, құқық үстемдігі мен қоғамдағы құқықтық мәдениеттің іргетасы ретіндегі маңызына ерекше назар аударды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және әділет институттарын нығайтуға бағытталған конституциялық реформалардың іске асырылу барысы туралы айтып өтті.

Пікірталас барысында конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі прокуратураның рөлі, адвокатураны дамытудың болашағы және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара белсенді талқылаумен, экскурсиялық бағдарламамен және естелік суретке түсумен аяқталды.

Мұндай кездесулер құқықтық сананы қалыптастыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға, сондай-ақ өңірлерде ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ҚР КӘСІПОДАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА 13 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗАМАНАУИ AVTOBYS ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo