АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жаңа жыл қарсаңында сан салада жұмысты қорытындылап, үздіктерді анықтау игі дәстүрге айналды. Биыл да сан саланың қыр-сырын меңгеріп, талмай еңбек еткен мамандарды марапаттау мақсатында «Жыл үздігі – 2024» салтанатты кеші өтті. Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов жыл қорытындысы бойынша қаланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды түрлі аталым бойынша қала әкімінің және мәслихаттың арнайы дипломымен марапаттады.
Олардың қатарында «Үздік теміржолшы», «Үздік спортшы», «Үздік ауыл шаруашылық маманы», «Үздік коммуналдық қызметкер», «Үздік дәрігер», «Үздік ұстаз», «Үздік тәрбиеші», «Үздік мейірбике», «Үздік энергетик», сондай-ақ, «Үздік кәсіпкер», «Үздік демеуші» номинациялары да бар.
Қоғам арасында маңдай терімен абыройлы іс атқарып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген азаматтар қай кезде де құрметке лайық.
Бұдан бөлек, салтанатты шарада футболдан ардагерлер арасындағы қалаішілік дәстүрлі чемпионатта жүлделі орын алған «Спорт бөлімі», «ШЧ-38», «Динамо» клубтарына медальдар мен кубоктар және демеушілер есебінен қаржылай сертификат табысталды.
Салтанатты шара әрі қарай мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласып, әннен шашу шашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия бойынша жұмыс істейді

berdaly_oraz

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

Шағыр-Монтайтас темір жол өткелі уақытша жабылады

berdaly_oraz

Пікір жазу