Арыста түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Арыста кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Рейд жұмыстарын қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Садықов, аудандық прокуратура, жергілікті полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталғы мамандары бірлесе жүргізді.

Профилактикалық жұмыстар барысында жастар көп шоғырланатын орындар мен ойынханалар қамтылды. Түнгі рейд барысында қала аумағында  түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталып, оларға «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балалардың ата-анасыз  үйінен тыс жерде түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жалғыз жүруіне болмайтыны» бойынша заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында өндіріс кезінде болатын жазатайым оқиғалар 13 пайызға азайған

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АЛДЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

berdaly_oraz