Түркістан: жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы рейд өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс әкімінің 03.02.2025ж. №26 хаттамасының 1.2-тармағына және бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Сауран ауданының прокуратурасы, Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың  алдын алу мақсатында»  бірлескен рейдтік іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен қамтамасыз етілген арнайы дрон құрылғысының көмегімен Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Шоқтас елді мекенінде орналасқан Құрсай өзені бойында жер пайдалануға құқық беретін лицензия немесе келісімшартсыз жер қойнауының қыртысын бұзып кең таралған (құмды қиыршық тас) қазба байлықты заңсыз тиеп, алып бара жатқан төрт ауыр жүк көлігі анықталды.    

Сонымен бірге Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Иба ата елді мекенінде жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқан екі ауыр жүк көлігі ұсталды. Аталған ауыр жүк көліктері мен дәлелдемелік заттар Сауран ауданында орналасқан арнайы айып тұрағына қойылды.

Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты материалдар топтамасы жинақталып, олардың тиісті жауаптылығын қарастыру үшін процестік шешімдер қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

БІР ТОЛҚЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ: ЖАҢА ИДЕЯ, ЖАҢА СЕРПІН

Redaktor Arysinfo

ЖЫЛДЫҚ 12,6% МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН «ӨРЛЕУ» ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН КӨКТЕМГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Redaktor Arysinfo