Арыста көптен күткен күрмеулі мәселенің шешімі табылды

Арыс қаласына қарасты Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерін байланыстыратын жол бойында ұзақ жылдар бойы тұрғындарды әбігерге салған мәселе шешімін тапты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұған дейін көктемгі қар еру мен жауын-шашынды маусымда қырдан аққан қарғын су ескі су өткізгіш құбырды жарып кетіп, жолды бұзып, екі ауыл арасындағы қатынасқа елеулі кедергі келтіретін. Бұл жағдай әсіресе мектеп оқушылары мен жедел көмек қызметтерінің жүріп-тұруына қиындық тудыратын.

Ауыл тұрғындары аталған мәселені жыл басында қала әкімі Қайсар Маңқараевпен болған кездесуде көтеріп, нақты шешім қабылдауды сұраған болатын. Нәтижесінде, тұрғындардың өтініші ескерусіз қалмай, биыл арнайы қаржы бөлініп, тиісті сала мамандарының жобалау және техникалық бақылауымен заманауи, берік, күшейтілген су өткізу арнасы – тюбинг орнатылды.

Бүгінде жаңа су өткізгіш арна толықтай пайдалануға беріліп, бұрынғыдай жолдың шайылу қаупі жойылды. Бұл – тек бір инженерлік нысан емес, екі елді мекеннің күнделікті өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Альфия Адамбек

Түркістан облысына 7 жыл: Елді мекендер сапалы инфрақұрылыммен қамтылды

Түркістан: Келестік жас түлек Еуропа елдеріне оқуға шақырту алды