Түркістанда гид-экскурсоводтар оқыту курсынан өтті

Түркістан қаласында «Гид – экскурсовод дайындау негіздері» атты оқыту курсы өтті. Дәріске қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Курс аясында туристерге қызмет көрсетіп жүрген 30-ға жуық электрокар жүргізушілері кәсіби даярлықтан өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — экскурсия жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгеру, Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени нысандар туралы терең ақпарат беру және кәсіби гид ретінде жұмыс істеуге қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқыту барысында тыңдаушыларға туристермен байланыс орнату, туристік бағыттар бойынша ақпарат ұсыну, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде дәріс оқылды. Сондай-ақ, шетелдік қонақтарға сапалы қызмет көрсету әдебі сынды тақырыптар қамтылды.

Жоба Түркістан қаласы әкімдігі, Түркістан облысының Туризм басқармасы және Туризм және меймандостық университетінің бірлескен бастамасымен жүзеге асты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: “Ата заң — тәуелсіздік тірегі” ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жұмыстары пысықталды

Эксперты обсудили проект новой Конституции Казахстана

berdaly_oraz

Түркістан облысы инвестициялық жобалар бойынша республикада көш бастады

berdaly_oraz