Түркістан облысында су нысандарын жөндеу, ағын сумен қамту бағытында жұмыстар жалғасуда

Түркістан облысына  Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен келіп, су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысқан болатын, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Үкімет басшысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде қолға алынған жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады.

– Соңғы жылдардағы ауа райының құрғақ болуы мен су көлемінің азаюына байланысты ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Сондықтан біз су үнемдеу технологияларын енгізуге күш салудамыз. Су нысандарын реттеу, салу жұмыстары да бақылауда тұр, – деді Нұралхан Көшеров.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов

«Шардара» су қоймасын көрді.  Сонымен бірге  «Көксарай» су реттегіш нысанын да қадағалады. Жауаптыларға ағын сумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы көктемгі және еріген қар суын жинап, оны егістікке тиімді пайдалану үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Таяу уақытта “Бәйдібек ата” және “Боралдай” су қоймалары арқылы “Бөген” су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су берілгенінің арқасында Түркістан қаласы кепілді түрде сумен қамтамасыз етілетін болады. Трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты біз ішкі су қорларын барынша пайдалану үшін қосымша су қоймаларын салу жолдарын қарастыруымыз қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҒАЛАДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 ТУРИСТІК ОРЫН АНЫҚТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Сарыағаштағы құрылыс пен инфрақұрылым жұмыстары назарда

berdaly_oraz