Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды  

Қала прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Құқықтық тәртіп жәнетазалық» жобасы аясында қалалық коммуналдық қызметтер – «Тазалық сақшылары» — құқық бұзушылықпен күресте белсенді көмек көрсетіп келеді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Олардың қырағылығының нәтижесінде қала көшелеріне есірткі заттарын сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жазып жүрген 28 жастағы Шымкент тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында ер адам қаржылай қиындықтарға тап болып, Telegram мессенджері арқылы күмәнді «қосымша табыс» туралы хабарландыруға келіскен.

Белгісіз тапсырыс берушіден нұсқаулар алып, ол түнгі уақытта трафарет пен аэрозольді бояу арқылы тыйым салынған сілтемелерді жазған.  

Сот үкімімен ол ҚК 299-1-бабының 2-бөлігімен есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау қылмысы бойынша 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Егер сіз күдік тудыратын граффити, жарнама немесе басқа да әрекеттерді байқасаңыз — 102 нөміріне хабарлаңыз.

Есірткі жарнамасы – бұл жай жазба емес, қылмыс.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Баламды алаяқ етіп көрсетудің қажеті жоқ» – Балғынбек Имашев дауға қатысты үн қатты

berdaly_oraz

АСТАНАДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АУТИЗМ СПЕКТРІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz