Тоқтар Әубәкіров әріптесі Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ғарышкер, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қоштасу сөзінде Талғат Мұсабаевтың ғарыш саласына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

“Қай жерде жүрсек те, қай ғарыш айлағынан ұшсақ та, қайда кетсек те, біз әрқашан өз кәсібімізге, ғарышқа адал болдық. Өйткені ғарыш бізді біріктірді. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп іс тындырдың. Сен нағыз патриот едің. Мұны мен де, бүкіл халық та көріп, куә болды. Сен бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен жасадың. Ең маңыздысы — сенде әрдайым өзгелерде кездеспейтін идеялар болды. Сол идеяларды іске асыра алдың. Саған соңғы рет қош айтып, отбасыңа, халқыңа мына нәрсені жеткізгім келеді: Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Сенің атың ел тарихында мәңгілікке жазылды. Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты дос!” деді Тоқтар Әубәкіров

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда 78,8 млрд теңгелік жаңғырту басталады

Redaktor Arysinfo

Наурыз мерекесіне орай қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады

berdaly_oraz

Түркістандық ақын халықаралық мүшәйрада жүлдеге ие болды