Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында еліміздің болашағы мен алдағы жоспарлар, АЭС және заң мен тәртіп, парламент туралы айтты. Журналисттің Қазақстан үшін өткен жыл несімен ерекше болды?-деген сауалына Президент:

– Былтыр көптеген маңызды оқиға болды, қыруар жұмыс атқарылды. ­Мысалы, әбден тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта жүргізілді. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды. Тау-кен, мұнай-химия және металлургия салаларында ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Қайта өңдеу секторы қарқынды дами бастады. Оның өнеркәсіптегі үлесі өндіру саласының деңгейіне жуықтады. 27 миллион тоннаға жуық астық жинап, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізген диқандарымыздың жетістігін айрықша атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамын. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан менің қызметімде сыртқы саясатқа басымдық беріліп кетті деген пікір дұрыс емес.

Менің басты мақсатым – мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу. Мемлекет басшысы болған сәттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерім мен оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен басқаша жұмыс істей алмаймын, істегім де келмейді.-деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы және өзге де мәселелер туралы  «Ana tili» газетіне берген сұхбатын төмендегі ресми сайттардан оқуға болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда міндетін дұрыс атқармаған басшыларға шара көрілетіні ескертілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЕЛ ЫНТЫМАҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Изолятордағы туған күн: Жауапты қызметкерлерге қатаң шара қолданылды

berdaly_oraz

Пікір жазу