ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Түркістанда «Жастармен Birge» атты гала-концерт өтті. Шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, өңір жастарын құттықтады. Оның айтуынша, Түркістан облысында 671 мыңнан астам жас тұрады, бұл – халықтың үштен бір бөлігі. 2025 жылы 22 мыңнан астам жас мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға ие болған, ал 800-ге жуық түлек «Серпін» бағдарламасымен солтүстік өңірлерде білім алуда.

– Түркістан – жастардың өңірі. Сіздердің жетістіктеріңіз бен белсенділіктеріңіз облыстың ғана емес, елдің дамуына үлес қосуда. Еңбекқорлықтарыңыздың арқасында республикалық және халықаралық деңгейде жетістіктерге жетіп жүрсіздер, – деді Ертай Кенжебекұлы. Ол белсенді жастарға алғыс хаттар табыс етті.

Сахнада жергілікті өнерпаздар мен танымал әншілер өнер көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жастардың қоғамдық, мәдени және әлеуметтік өмірдегі белсенділігін арттыру, олардың жетістіктерін дәріптеу және қоғамдағы рөлін нығайту.

Ұқсас жаңалықтар

Табиғат — ата-бабадан қалған аманат

berdaly_oraz

Шымкент тұрғыны бөтеннің көлігін ағаш пен тас лақтырып бүлдіргені үшін айыппұл арқалады

Монтайтаста алаяқтар тұрғындарды 12 миллион теңге қарызға батырды

berdaly_oraz