Түркістан облысы Қытаймен жаңа инвестициялық келісім жасады

Түркістан облысы Қытаймен жаңа инвестициялық келісім жасады,- деп хабарлайды Арысинфо.кз.

  • Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков ҚХР-дың Вэньчжоу қаласына сапарында қала мэрі Чжан Вэньцзеспен кездесіп, инвестициялық жобалар мен өңіраралық әріптестікті талқылады.

Келіссөз нәтижесінде облыстың Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Вэньчжоу қаласының Сауда басқармасы «Қазақстан–Қытай (Вэньчжоу) индустриялық аймағы» жобасын іске асыруға арналған меморандумға қол қойды.

Сапар барысында делегация «ақылды» электрмен жабдықтау, жасыл энергетика, төмен көміртекті технологиялар, тоқыма және электротехникалық өнімдер шығаратын ірі кәсіпорындарда болды. Джинсы матасын өндіруші компания «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт салуды жоспарлауда.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек нарығына жолдама: Жетісу университеті мыңдаған жас маманға диплом табыстады

Redaktor Arysinfo

Арыста жаңа оңалту бөлімшесі ашылды

Redaktor Arysinfo

Түркістан: әлем чемпионы Төлебиде өткен тазалық шарасына қатысты