Арыс қаласында өңірдің даму мәселелері талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Арыс қаласына барып, жергілікті билік пен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесуде аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және алдағы міндеттер егжей-тегжейлі қаралды.

Жиын барысында Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев өткен кезеңдегі жұмыстар туралы баяндап, негізгі көрсеткіштерді мәлімдеді. Сондай-ақ, басқарма басшылары өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салаларды дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Облыс басшысы Арыстың географиялық орны мен экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. – Бұл қалада өндірісті, сауданы және қызмет көрсету секторын кеңейту үшін қолайлы жағдай бар. Инвестициялық жобаларды уақытында әрі сапалы орындау – басты мақсат. Экономиканы әртараптандыру және жергілікті жобаларды іске асыру – стратегиялық бағыт. Салық түсімдерін арттыру үшін ауыл шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда және басқа да қызмет түрлері бойынша кірістерді толық көлемде жинау қажет. Бұл бағытта кірістер басқармасымен бірлескен жұмысты күшейткен жөн. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамытып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Мұны жүзеге асыру үшін бірлескен әрі үйлесімді жұмыс керек, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесуде белгілі болғандай, 2025 жылы Арыс қаласында жалпы құны 48,9 млрд теңгені құрайтын 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Алты айдың қорытындысы бойынша 21 жоба (20,4 млрд теңге) аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 12 жоба (14 млрд теңге) іске асырылуы жоспарлануда. Қалған 9 жоба (14,5 млрд теңге) 2026 жылға өтеді. Бұған қоса, қалада 30 гектарлық жаңа индустриялық аймақ ашу жоспары бар.

Өңір әкімі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді орындау, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Жергілікті атқарушы органдарға әрбір жобаның орындалуын қатаң бақылау жүктелді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде енді мопед міну – жай ермек емес

berdaly_oraz

Түркістан облысы әскерге шақырушылар саны бойынша Республикада көш бастап тұр

Созақтағы Қыземшек кентінде екі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді