СУДЬЯҒА АЛҒЫС АЙТАМЫН

Алғыс – барлық ізгі істің бастауы. Ризашылықтың белгісі. Arysinfo.kz ақпарат агенттігінің редакциясына ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы А.А.Мергалиевтің, Түркістан  облыстық  сотының төрағасы А.Е.Султановтың атына Түркістан облысының тұрғыны, Түркістан  облысы  Арыс қалалық заң  кеңесінің адвокаты Роза Ауезовадан алғыс хат келіп түсті. Хат иесі судья жұмысын оң бағалап, сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметінде сәттілік тілеп, үлкен алғысын білдірген.

Алғыс хатта: «Түркістан  облысының   мамандандырылған  ауданаралық    әкімшілік сотының  судьясы Шарханов Алтай Шархановичтың өндірісінде Арыс қаласы, Қожатоғай  ауылындағы тұрғын жай бойынша азамат «Б»-ның атына заңсыз меншік иесі деп  рәсімделген жекешелендіру келісім  шарты  туралы  мәліметті  тіркеуден  алып  тастауды  міндеттеу  туралы әкімшілік  істі  және Арыс қаласы, Жиделі ауылындағы  азамат «Б»-ның  және екінші азамат «Ж»-ның  атына  жалға  берілген  жер телімінің жалға беру мерзімін ұзарту туралы әкімшілік істерді судья А.Шархановтың көмектесуімен медиация  рәсімін Қазақстан  Республикасының «Медиация» туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының  Әкімшілік-рәсімдік процестік  кодексінің 120-бабына сәйкес бастап, сот хатшысы  Нурумбет  Айымжан  Халықбекқызының  қатысуында оң шешімін тауып, даулы үш істерді  бейбіт-бітіммен  аяқтадық. Судья  А.Шархановтың  өндірісінде  қаралған үш іс  бойынша тараптар  облысымызда өз  ісіне жауапкершілікпен және  адалдықпен қарайтын  судьялар бар  екен  ғой, осындай тәжірбиесі мол, терең  білімді судья А.Шарханов сияқты соттың  болғанына  қуаныштымыз  деп  өз  ризашылықтарын білдірді, біз  осылай істі  созбалаңға  салмай аулымызда  көптен бері шешілмей  келе жатқан  даулы істі бейбіт-бітіммен  аяқтадық.

Мемлекет басшысының «Сот жүйесі  іс  жүзінде  ашық және  қолжетімді,  қарапайым  және  барлық  дауды  тез  шеше  алатындай  болуға  тиіс»  деген сөздің  жүзеге  асырылып  жатқанының бір  көрінісі  ретінде  қабылдап,  ауылымызға  шексіз  ризашылықпен  қайттық.

Судья  А. Шархановтың өз  жұмысындағы кәсіби  шеберлігін, сауаттылығын және  әділеттілігін  мен  осы  үш  талап  арызды  қарау  кезіндегі  жеделдігін, сондай-ақ заңнама  талаптарын  нақты  әрі  мүлтіксіз сақтайтынын атап  өтуге  тиіспін.

Сот отырысының хатшысы Нурумбет Айымжан Халықбекқызы  өз  ісінің  маманы  екен көрсетті, өз  ісіне  өте  тиянақты  жауапкершілікпен  қарап хат-хабарлар алмасуды электронды  түрде  іске  асырып  отырды, бұл  бізге сот құжаттары мен хабарламаларын және  өтініштерді мерзімінде алып  отыруымызға  мүмкіндік  берді. Сот хатшысының жұмысты барлық мүмкіндіктерді  үйлестіріп  ұйымдастыра  білуінің  өзі, процеске  қатысушылардың барлығының  уақытын  айтарлықтай  үнемдеді.

Осындай  кәсіби  біліктілігі жоғары  судьялардың  арқасында  азаматтардың  сот  төрелігіне  деген  сенімі  арта  түсетініне  сенімдімін  және алдағы уақытта да халқымыз  үшін жасап жүрген  адал  қызметіне  А.Шарханов  пен сот хатшысы А.Нурумбетке үлкен  жетістіктер  тілеп, шексіз  алғысымызды   білдіреміз»-делінген.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Құны жарты миллион теңге тұратын Монтайтас көшелеріндегі бейнебақылау камералары кімнің бақылауында?

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН 7 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ӨЛШЕУ СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті