Түркістанда спорт күні аталып өтті

Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында Спорт күніне орай әуесқой футболшылар арасында алғаш рет облыстық чемпионат өтті.

Жарысқа 3300-ге жуық спортшы қатысып, іріктеу кезеңінен өткен үздіктер финалда бақ сынады. Қорытындысында 1-орынды Мақтаарал ауданы иеленіп, Қазақстан кубогына жолдама алды. 2-орын Түркістан қаласына, 3-орын Ордабасы ауданына бұйырды.

Чемпионаттың жабылу салтанатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров спортшыларды мерекемен құттықтап, медальдар мен кубоктарды табыстады. Ол өңір спортшыларының жетістіктерін атап өтіп, биыл ғана әлемдік, азиялық және республикалық деңгейдегі жарыстарда 1122 медаль жеңіп алынғанын жеткізді.

Бүгінде Түркістан облысында 92 мыңнан астам адам спортпен жүйелі түрде шұғылданып, 2,4 мың жаттықтырушы еңбек етуде. Өңірде жаңа спорт нысандары салынып, жастардың спортқа қызығушылығы артып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗЫҒҰРТТА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ “ШЕБЕРЛЕР БҰРЫШЫ” ҚҰРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында есірткіге қарсы акцияға 5 мың тұрғын қатысты

Redaktor Arysinfo

Түркістан мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер өтті

berdaly_oraz