Түркістан облысында балалардың терезеден құлауын алдын алу шаралары күшейтілді

Елімізде жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 179 жағдай тіркеліп, оның 32-сі қайғылы оқиғамен аяқталды. Мұндай оқиғалардың басты себебі – ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы.

Түркістан облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Ақылбекұлының айтуынша, өңірде биыл осындай бір оқиға орын алып, 6 айлық сәби қаза тапқан.

Қазір облыс аумағында 737 көпқабатты тұрғын үй бар. Қайғылы жайттың алдын алу мақсатында төтенше жағдай қызметі бірқатар іс-шараларды қолға алды. Соның ішінде «Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз» атты акция ұйымдастырылып, Түркістан қаласының саябақтарында 800-ге жуық адамға терезе алдындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар жергілікті билік пен еріктілердің көмегімен көпқабатты үй тұрғындарына қауіпсіздік ережелері таныстырылып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың пәтерлеріне арнайы терезе бекітпелері орнатылды.

Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде жалғаса береді.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Жетісай диқандары қырыққабаттың алғашқы түсімін экспорттауда

Альфия Адамбек

Арыс қаласының әкімі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін пысықтады

Альфия Адамбек

Түркістан облысында «Созақтан Түркістанға» атты арнайы экспедиция ұйымдастырылды

Альфия Адамбек