«115% өсім»Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша рекорд орнатуда

Биыл Түркістан облысында 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері 528,3 мың шаршы метр баспана ел игілігіне тапсырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 115 пайыздық өсімді құрап отыр. Мұндай мәлімет облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Аймақ басшысы құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе, бюджет қаражатына салынып жатқан үйлердің сапасына ерекше назар аударылатынын жеткізді.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрхановтың айтуынша, өңірде қазір 2138 пәтерлі 30 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде Түркістан қаласында – 17 үй (1182 пәтер), Кентауда – 1 үй (60 пәтер) пайдалануға берілді. Қалған 12 тұрғын үй қыркүйек айында ел игілігіне тапсырылмақ. Бұл пәтерлер «Отбасы банк» арқылы кезектегі азаматтарға сатылады.

Сонымен қатар, 296 пәтерлі 6 арендалық тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, 578 арендалық және 2015 кредиттік пәтерді сатып алу жоспарда бар. Қазірдің өзінде Түркістан қаласынан 84 пәтер алынды, қалғандары қараша айына дейін рәсімделмек.

Жоспардан тыс тағы 2322 пәтердің құрылысы басталған. Бұл нысандар 2026 жылы толық аяқталады деп күтілуде.

Түркістан облысында халықты баспанамен қамту жұмыстары алдағы жылдары да жүйелі түрде жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды

Түркістанда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады

berdaly_oraz

АРЫСТА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Redaktor Arysinfo