Ата Заңымызды ұлықтау – егеменді еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы.

Құрметті қазақстандықтар, жерлестер! Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның толассыз өркендеуі Негізгі Заңның барлық қағидаларын толық жүзеге асырумен тығыз байланысты. Ата Заң егемендігіміздің берік іргетасына, еліміздің табысты дамуының және жоғары халықаралық беделінің тұрақты кепіліне айналды.

Конституция салауатты және табысты қоғамның негізгі құндылықтарын белгілейді, олар: азаттық, бірлік, экономикалық әл-ауқат, таңдау құқығы, еңбек ету құқығы, ар-ождан бостандығы.

Осыдан 30 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған ҚР Конституциясы ел болып қалыптасуымызға, мемлекетіміздің экономикалық өрлеуіне өз үлесін қосты. Заман талабына сай мемлекет пен қоғамның, халықтың талап-тілектері мен сұранысының да сипаты өзгеруде.

Осыны ескере отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс беріп, бұл ұсыныс барша қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты.

Негізгі Заңның қабылдануымен елімізде – баға жетпес байлығы Адам болып саналатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құру бағыты айқындалды.

Ата Заң әрқайсымыз үшін Қазақстан халқының тату-тәтті ынтымағының нышаны, өңіріміздің, бүкіл еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен гүлденуінің берік іргетасы болып табылады.

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Сапархан Умаров

Арыс аудандық сотының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас тұрғыны көше тазалығына алаңдаулы: бөтелкелер мәселесі күн тәртібінде

berdaly_oraz

СОТ ШЕШІМІ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Redaktor Arysinfo

Мемлекеттік қызмет

Redaktor Arysinfo