Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытынды жасау фактілерін анықтады

Жетісай ауданында жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» (бұдан әрі – АӘК) деген қорытындысына қарамастан, 18 отбасына 3,1 млн теңге сомасында негізсіз төлемдер жүргізілгені анықталды. Бұл туралы Arysinfo.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссияның хатшысы және ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар ресімдеген, нәтижесінде 9,7 млн теңге мемлекеттік қаражат мақсатсыз жұмсалған.

Бұл бұзушылықтарды прокуратура АӘК тағайындауды талдау барысында анықтаған.

Уәкілетті органдардың атына қаражатты қайтаруды және кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды талап ететін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі уақытта құжат қарауда.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Шардарада ағын су және ауыз су мәселелері жөніндегі штабтың мәжілісін өткізді

Шымкентте 6 жасар бала кәріз суына батып қайтыс болды

berdaly_oraz

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

berdaly_oraz