ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНДАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген «Шардара Армспорт» клубының спортшылары елге оралды. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген чемпиондарды шардаралықтар ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz

Салтанатты қарсы алу рәсімі ұлттық дәстүрмен әрленіп, кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға ардагерлер, әжелер, мектеп оқушылары мен қала жастары қатысты. Ұлттық киім киген апалар жеңімпаздарға шашу шашып, дәстүрлі қонақжайлықпен қымыз бен бауырсақ ұсынып, ыстық ықыластарын білдірді.

Шара барысында Мелдеби шағын ауданының биі, осы чемпионатта үш немересі жеңімпаз атанған ақсақал Ибрагим Бектұрсынов спортшыларға болашақ жарыстарда сәттілік тіледі. Қанай Датқа шағын ауданының биі Жеңіс Барболов ақ батасын берді.

Бұл жеңіс – жүйелі еңбектің нәтижесі. «Шардара Армспорт» клубының негізін қалаушы, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың басшылығымен ауданда спорттың бұл түрі қарқынды дамып, халықаралық аренада тұрақты табысқа жетуде.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте  1-орынға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда колледж студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиядасы басталды

Альфия Адамбек

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде жаңа қойылымның тұсауы кесілді

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды

berdaly_oraz