ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯНЫҢ «АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕГЕН ОТБАСЫ», «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ», «КҮМІС КЕРЕГЕ» НОМИНАЦИЯЛАРЫМЕН ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ассамблея – елдік пен бірліктің ұйытқысы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы іс-шарасында белсенділік танытқан азаматтар мен ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің бастамасы аясында бірқатар үлгілі отбасыларға құрмет көрсетілді.
Бірлікке үндеген мерекеде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары — Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов Ассамблеяның Аналар кеңесі бірнеше номинациялармен үлгілі отбасыларды марапаттау арқылы отбасы институтын қолдау шараларын ұйымдастырып келе жатқанын атап өтті.
Бұл орайда, «Азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясымен Сатвалдиевтер отбасы (Сайрам ауданы), «Алтын шаңырақ» номинациясымен Жамаловтар отбасы (Созақ ауданы) және «Күміс кереге» номинациясымен Үркімбаевтар отбасы (Түркістан қаласы) марапатталып, оларға қаржылай сертификаттар табыс етілді.
Достық пен тaтулықты дәріптеген мереке мәдениет саласының және этномәдени бірлестіктер өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Этнос өкілдері елді ынтымақ-бірлікке шақыратын патриоттық әндер шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жас қаламгерлердің шығармашылық кездесу кеші өтті

Түркістан облысында өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Арыс қаласы және ауылдық округтердегі агроқұрылымдарға субсидия бөлінеді

berdaly_oraz