ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Саналы елді мекенінің тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Ауылға алғаш рет табиғи газ беріліп, ел мәре-сәре.  Игілікті істің басталуына қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымыздың тұрмыс-тіршілігін арттыруға баса назар аударып келеді. Бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – Сіздер көптен күткен бүгінгі қуанышты күн», – деп атап өтті әкім.
Іс-шара барысында салтанатты түрде алау жағылып, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар алғыстарын білдірді. Айта кетейік, Саналы елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жеке инвестор «Otebay Gaz» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды.
Жалпы, жыл басынан бері Арыс қаласына қарасты Байырқұм, Жиделі және Көкжиде елді мекендері табиғи газға қосылды. Жыл соңына дейін қала орталығы мен Аққала ауылына көгілдір отын жеткізу жоспарланып отыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолайлы орта қалыптасып келеді

berdaly_oraz

Билік адамға мәңгілік берілмейді

berdaly_oraz

Қырғызстан блогерлерді салықтық жеңілдіктермен қолдайды

berdaly_oraz