Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушылардың дөңгелек үстел өтті

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ. 2025 жылға арналған Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстел қаладағы Тең қоғам әлеуметтік орталығының ғимаратында ұйымдастырылды. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов Қазақстан Республикасындағы сайлау азаматтың сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына негізделетінін және жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүргізілетінін, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерінің жабдықталуы туралы және сайлау барысында сайлау органдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлауға қатысуын және олардың сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін жергілікті атқарушы және сайлау органдарының тарапынан тиісті жағдайлардың қамтамасыз етілетінін атап өтті. Дөңгелек үстелге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің Асыл жүрек әлеуметтік орталығы коммуналды мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Н.Дүйсенов, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Е.Мұратов қатысты

Ұқсас жаңалықтар

«800 мың теңге бопсалаған» Друг-вокруг арқылы танысқан жігіт қыздардың құрған қақпанына түсіп қалды

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі Азия чемпиондарына құрмет көрсетті

Түркістан: 109 өкіл Астанада тәжірибе алмасты