Бүгін Түркістан облысы Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқық бұзу-тренд емес» атты тақырыпта кездесу өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz ақпарат порталы.
Шараға Кентау қаласының прокуратурасының аға прокуроры Абилкасимов Бақберген Дүйсенбекович, Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Таукеева Жанат Пазылбеқызы, Кентау қалалық полиция бөлімінің ЖПҚ УПИ полиция майоры Ахметов Жанболат Саруарұлы және қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесудің модераторы ретінде Сұлтан Азат жүргізіп отырды.

Алғашқы сөзді Кентау қаласының прокуратурасының аға прокуроры Бақберген Дүйсенбекович жастарға құқық бұзушылықтың салдары мен заңды жауапкершілік туралы атап өтті. Өз кезегінде кәсіби медиатор Жанат Пазылбеқызы жастарды тәрбиелі, мәдениетті және заңды құрметтейтін тұлға болуға үндеді. Жанболат Саруарұлы да құқық бұзушылықтың түрлері мен оны болдырмау жолдары туралы кеңінен түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.

Сонымен қатар кездесуге жасырын кейіпкер келіп, өзінің басынан өткен оқиғалар жайлы айтып өтті, ол жастарды тәртіпті, мәдениетті және заңға бағынушы болуға шақырды.

Кездесу барысында жиналғандар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауап алды. Іс-шара соңы Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологі З.Сейлбектің сергіту сәтімен аяқталды.

