Арыста Республика күні салтанатты түрде аталып өтті

Арыста Республика күні салтанатты түрде аталып өтті,-деп хабарлайды Арысинфо.кз тілшісі.

Арыс қаласында Республика күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген қала әкімі Қайсар Маңқараев Республика күнінің тарихи маңыздылығына тоқталды.

«1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация – ел Тәуелсіздігіне бастау болған құжат. Бұл күн – халқымыздың азаттығы мен бірлігін дәріптейтін, ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған ерекше мереке. Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен береке тілеймін», – деді қала басшысы.

Мерекелік жиында Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар, түрлі саладағы ардагерлер мен еңбек майталмандары марапатқа ие болды. Бұл марапаттар олардың қоғам өміріндегі белсенділігі мен еңбегін бағалаудың айғағы ретінде табысталды.

Шараның көрігін қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама қыздырды. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, ұлттық би қойылымдары орындалды. Көрермендер өнерпаздарды ыстық ықыласпен қолдап, мереке рухына бөленді.

Республика күні – ел бірлігі мен Тәуелсіздіктің нышаны. Арыс тұрғындары бұл мерекені ерекше ықыласпен қарсы алып, өз еңбегімен ел дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МАҢЫН ТУРИЗМ МЕН МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда триатлонды дамыту мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

ШАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ПАРКТЕ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР ЖАЛҒА ҰСЫНЫЛАДЫ

berdaly_oraz