Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі
Семинарға Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – сайлауды ұйымдастырудағы теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқыту — семинары екі бөлімнен тұрды. Алдымен қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, арнайы дайындалған ситуциялық кейстерге талдаулар жүргізді. Ал оқытудың екінші бөлімінде Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Әділбеков пен комиссия хатшысы Е.Мұратов сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері, сайлауды қаржыландыру тақырыбында баяндама жасады.

Оқу семинары соңында комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, заң аясында жауаптар берілді.

Өз кезегінде умақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов семинарға қатысқан қонақтарға алғысын жеткізіп, комиссия мүшелерінің атқарып жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.

