ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Tүркістан облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында нақты әрі жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне 5 мыңға жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша хабарлама түскен. Барлық дерек тексеріліп, тиісті шаралар қабылданған. Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында 3 153 қорғау нұсқамасын шығарды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Жанар Қалабаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Маманның айтуынша, жыл басынан бері өңірде бірнеше кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілген. Атап айтқанда, «Тұрмыс» және «Есептегі тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары екі кезеңде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 20 сәуір мен 20 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан!» атты челлендж-флешмоб форматындағы акция өтті. Ал 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы ұйымдастырылды.

Әр аптаның демалыс күндері өңірдің барлық қала және аудандарында «Бір нүктелік» профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Нәтижесінде аса ауыр қылмыстардың көрсеткіші 87,5 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, полиция департаментінің өтініші бойынша соттар 591 құқық бұзушының мінез-құлқына арнайы талаптар белгілеген.

Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жүргізілуде. Облыс аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері тұрақты түрде мекенжайларға барып, қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Нәтижесінде мемлекеттің көмегіне мұқтаж 58 отбасы тіркеліп, тиісті қолдау шаралары көрсетілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға басымдық берілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта ауыл тұрғындарына заманауи спорт алаңшасы ашылды

berdaly_oraz

Шерзат Полат ісі: Марқұмның әжесі сотталушылардың бірін кешірді

berdaly_oraz

Сарыағаш жастары «Maqtaaral CUP» турнирінде күміс жүлде иеленді

berdaly_oraz