ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы төрт ірі мақта өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аймақта инвестициялар тарту, су үнемдеу технологияларын енгізу және егістік алқаптарын ұлғайту бағыттарында оң өзгерістер байқалады. Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Отырар ауданындағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-ның заманауи мақта өңдейтін кластерінің құрылыс алаңында болды.

Сапар барысында холдинг төрағасы көпфункционалды кешеннің құрылыс жұмыстарымен танысып, Түркістан өңірінің өндірістік әлеуетін оң бағалады. Сонымен қатар, тараптар агроөнеркәсіп саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Мақта кластерінде жылына 360 мың тонна шитті мақта өңдеу жоспарланған. Жалпы жоба құны — 146,8 млрд теңге. Мұнда тұрмыстық және дайын тоқыма өнімдері шығарылады. Жоба толық іске асқан жағдайда 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы аумағы 39 308 шаршы метрді қамтиды. Кешеннің инфрақұрылым жұмыстары жеке инвестор есебінен жүргізілуде.

Сондай-ақ Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы маңынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта талшығынан жіп, мата және дайын тоқыма өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде Отырар өңірінде 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы мақта егілген. Алқап маңында салынып жатқан төрт зауыттың екеуі биыл іске қосылмақ, қалған екі кластердің құрылысы 2026 жылға өтеді

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

Келешек мектебі»: Жетісайда 600 орындық жаңа білім ордасы есігін айқара ашты

berdaly_oraz

Түркістан: Келес ауданында ауыз сумен қамту жұмыстары жанданды