Оның қолында қару емес,қалам мен микрофон ғана

Журналист — майдан шебіндегі солдат емес, бірақ кейде оның миссиясы соғыс даласындағы сарбаздан да ауыр. Өйткені ол шындық үшін күреседі. Оның қолында қару емес — қалам мен микрофон ғана. Бірақ сол екеуі кей билік үшін мылтықтан да қауіпті.

Әлемде журналистика әлі де қауіпті кәсіптердің бірі болып саналады. Сын айтқан тілшіге қысым көрсету, сотқа тарту, беделін түсіруге тырысу – үйреншікті көрініске айналған. Шындықты айтқандар жиі “жалған ақпарат таратты” деп айыпталып, ал жағымпаздар марапатталады.

Бірақ журналистика – шындыққа қызмет ету деген сөз. Журналисттің қаламы — халықтың көзі, микрофоны — қоғамның үні. Егер ол үн өшсе, елде әділет те, сенім де жоғалады.

Журналист — биліктің жауы емес, оның айнасы. Сол айнаны сындырып тастаған сайын, билік өз бет-бейнесін көруден қашады. Ал халық айнасынан айырылған ел — қараңғылықта қалған ел.

Қалам мен микрофон – қарудан да күшті. Өйткені олар адам санасын оятады.
Журналистің қолындағы сол екі құрал – еркіндіктің ең өткір қаруы және шындықтың соңғы шебін ұстап тұрған қорғаны.

Бердалы Ораз

Ұқсас жаңалықтар

Политические партии страны поддерживают проект новой Конституции

berdaly_oraz

«Мұқасанның мұнысы несі?»: Жаңа келген топ мүшесі өзіне күш көрсеткенін айтты

berdaly_oraz

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Redaktor Arysinfo