ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «УЧАСКЕ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Еліміздің барлық аймақтарында қыркүйектің 1-інен желтоқсанның 1-іне дейін жалғасатын республикалық «Учаске» профилактикалық іс-шарасы Түркістан облысында да кең көлемде ұйымдастырылып отыр. Бұл бастама қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараға 1 024 тәртіп сақшысы, сондай-ақ 76 мемлекеттік орган мен қоғамдық құрылым мүшелері жұмылдырылған. Олар облыстың барлық елді мекендерін қамтып, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарды аралауда.

Полиция өкілі Дәурен Кемеровтың айтуынша, соңғы екі ай ішінде облыс аумағындағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, 812 саяжай алқабы мен 2 316 шаруа қожалықтар мен қыстақтарда тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 242 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат, 46 әкімшілік бақылаудағы тұлға, 198 ерекше талап қойылған және 414 қорғау нұсқамасы шығарылған адамдардың тұрғылықты жерлері тексерілді.

Сонымен қатар, 541 жайсыз отбасы мен пробация қызметінің бақылауындағы 1 687 азаматпен профилактикалық әңгімелер өткізілген. Қару иелері де назардан тыс қалмады: полиция қызметкерлері олардың қаруды сақтау тәртібін тексеріп, ережені бұзған және рұқсат мерзімі өтіп кеткен 124 адамға әкімшілік хаттама толтырған.

Іс-шара аясында есірткі саудасын жарнамалау фактілері де анықталуда. Көшелер мен ғимарат қабырғаларына QR-код түрінде жасырылған 83 граффити жазба табылып, дереу жойылған. Полиция қызметкерлері мұндай заңсыз жарнамаларды болдырмау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

«Учаске» іс-шарасы – қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды құрал. Шара барысында полиция азаматтармен тікелей байланыс орнатып, тұрмыстық және әкімшілік сипаттағы мәселелерді шешуге көмектесуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент полицейлері көрші елге жеткізуі керек затты сатып жіберген адамды тапты

Жетісайда қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 44 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 21 ӨНДІРІС ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ

berdaly_oraz