ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысында жылыту маусымының үздіксіз және қауіпсіз өтуі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Өңірдегі барлық жылу нысандары белгіленген жоспар мен температуралық кестеге сай жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда қазандықтар штаттық режимде толық қуатта жұмыс істеп, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беріліп отыр. Облыс бойынша отын қорының қажетті көлемі 580,4 мың тонна болса, бүгінгі күнге дейін соның 442,5 мың тоннасы қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, теміржол тұйықтарында қосымша 75 мың тонна көмір қоры сақтаулы тұр.

Газдандыру саласында да жұмыстар қарқынды. Өңір бойынша барлығы 334 мыңнан астам абонент тіркелген. Соның ішінде 320 656 абонент газ жүйесіне қосылған. Ал 9 647 тұрғын әзірге техникалық себептермен қосылмаған, 3 704 нысан бос учаске немесе құжаты толық рәсімделмеген үйлер болып табылады. Қазіргі уақытта аудан, қала әкімдіктері мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы бірігіп, бұл мәселелерді шешу бағытында нақты шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар газбен улану жағдайларын болдырмау мақсатында қауіпсіздік түсіндіру жұмыстары күшейтілген. Арнайы инспекторлар облыс бойынша 77 мыңнан астам жеке және көпқабатты үйді аралап, тұрғындарға газ жабдығын пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Бұл шаралар жылу беру маусымының соңына дейін жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Созақтан Түркістанға» атты арнайы экспедиция ұйымдастырылды

Альфия Адамбек

АРЫСТЫҢ ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ – «АЛТЫН КҮЗ» ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «КӨРІСУ КҮНІ- АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ» ОРАЙ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

berdaly_oraz