ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

Елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акция басталды. БҰҰ Конвенциясына сәйкес, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін бұл науқан әлемнің 180-нен астам елін қамтиды. Акцияның өту барысы туралы Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Әйгерім Жарқынбек өңірлік брифинг кезінде мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, биылғы кампания «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» деген ұранмен өтуде. Науқан аясында тұрғындармен кездесулер, мобильді топтардың рейдтік жұмыстары, жедел желілердің жұмысы, флешмобтар, дөңгелек үстелдер және ұйымдар мен оқу орындарында ақпараттық семинарлар ұйымдастыру жоспарланған.

«Біз азаматтарға зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету алгоритмдерін түсіндіруді күшейтеміз. Осы мақсатта жадынамалар, инфографика, әлеуметтік роликтер әзірленіп, билбордтар орналастырылатын болады», – деді Әйгерім Жарқынбек.

Науқан кезінде еліміздің түрлі өңірлерінде қызғылт сары түсті жалаушалар, плакаттар, шарлар орналастырылады. Қоғамдық және әкімшілік ғимараттар да зорлық-зомбылықпен күрестің символы саналатын осы түспен жарықтандырылады. Сонымен қатар, «Қызғылт-сары күн» атты республикалық акция өткізіледі.

Халықаралық кампания – әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық және цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамның осы мәселеге деген сезімталдығын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 5 күнде 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

berdaly_oraz

ШЫМКЕНТТІКТЕР! ҚҰРЫЛЫС САЛУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

berdaly_oraz

Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды