ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Италияның Рим қаласында өткен Fibonacci International Robot Olympiad әлемдік финалында 28 елден келген 2 мыңнан астам жас талант бақ сынады. Ауқымды халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысы, Шардара ауданының жас робототехниктері еліміздің мерейін асырды.

Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Ережеп Уәлихан жетекшісі Исакова Раушан Рысбаевнамен бірге “Avtonomy Car” санатында II орын иеленді. Ал информатика пәнінің мұғалімі Саудабаева Маржан Аманкелдіқызы дайындаған команда “3 kg Sumo” категориясы бойынша III орын алып, жүлдегер атанды.

Бұл жеңіс – үздіксіз дайындықтың, оқушылар мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің ғана емес, облыстағы робототехника және инженерлік бағытты дамытуға арналған жүйелі жұмыстың нақты жемісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар үшін 967 нысан бейімделді

berdaly_oraz

Сауранда жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай бар

Түркістанда Абай күні аталып өтті: ескерткішке гүл қойылып, рухани шаралар өтті

berdaly_oraz