Арыc тұрғындарына хабарландыру

Астана қаласындағы «Центр слуха» орталығы Қазақстанда алғаш рет іске асырылып отырған «Есту Саяхаты» атты инновациялық жобасы аясында Арыс қаласында жылжымалы есту орталығының қызметін ұсынады. Бұл бастама — өңір тұрғындарына жоғары технологиялы есту диагностикасын қолжетімді етуге бағытталған әлеуметтік жоба.

Арыс қаласына арнайы келген мамандар заманауи портативті құрал-жабдықтардың көмегімен тұрғындарға тегін экспресс-есту тексеруін жүргізеді. Бұл тексеру есту қабілетіндегі бастапқы өзгерістерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда кәсіби кеңес алу қажеттігін айқындайды.

Өтетін орны: Арыс қаласы, Ибрагимов көшесі, 79

Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 11 желтоқсан – сағат 09:00–18:00
2025 жылғы 12 желтоқсан – сағат 09:00–18:00

Тексеру 16 жастан асқан азаматтар үшін жүргізіледі.
Алдын ала жазылудың қажеті жоқ, қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Барлық қала тұрғындарын және қонақтарын көрсетілген мерзімде жылжымалы орталыққа келіп, есту денсаулығын тексеруден өтуге шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстық ұстаз “Алтын тұғыр” олимпиадасында жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Түркістан: Облыс әкімі орынбасарының кезекті жеке қабылдауында мәселелер ашық айтылды

Қазақстан мен Беларусь биржалық сауда арқылы экономикалық байланыстарды нығайтуда

berdaly_oraz