Сарыағашта ауыл тұрғындарына заманауи спорт алаңшасы ашылды

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданында тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды. Құркелес ауылдық округінде пайдалануға берілген заманауи спорт алаңшасы ауыл тұрғындарына ашық болып, олар үшін денсаулық пен белсенді өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар, ауыл әкімі мен жергілікті тұрғындар да іс-шараға қатысты.

– Бұл – мемлекетіміздің жастарға қолдау көрсету, олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатының нақты көрінісі. Жаңа спорт алаңшасы балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, спортқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы алаңдардан болашақ чемпиондар шығатынына сенемін, – деді аудан әкімі.

Жобаны аудандық бюджет есебінен жүзеге асырған. Алаңшада кіші футболға арналған алаң, workout аймағы, сондай-ақ балалар үшін әткеншек пен сырғанақтар орнатылған. Құрылыс жұмыстары “Сәулет 2012” ЖШС тарапынан жүргізілген.

Сарыағаш тұрғындары енді жаңа спорт алаңшасында достарымен бірге уақыт өткізіп, дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік алды. Бұл – ауылдағы белсенді өмір салтын қолдайтын және жастарды спортқа баулитын маңызды әлеуметтік жоба.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды

Түркістан облысында ҰОС ардегерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

Альфия Адамбек

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады

berdaly_oraz