АРЫСТА ДЕРМЕНЕ ЖАСТАРЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

 

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округінде ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі көрініс тапты. Ауыл жастары мен тұрғындары асыраушысынан айырылған көпбалалы анаға баспана сыйлап, қайырымдылықтың үлгісін көрсетті.

Көпбалалы ананың жолдасы ауыр дертпен ұзақ уақыт күресіп, өкінішке қарай, өмірден өткен. Артында төрт перзенті қалды. Осындай қиын кезеңде «Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған» деген халқымыздың асыл қағидасын ұстанған Дермене жастары мен тұрғындар игі іске бастама болды.

Ауыл азаматтары елімізге белгілі «Асар үміт» қайырымдылық қорымен бірлесіп, қаражат жинады. Нәтижесінде Арыс қаласынан ауласы кең, барлық тұрмыстық жағдайы жасалған баспана сатып алынып, көпбалалы отбасыға табысталды.

Баспана табыстау рәсіміне ауыл әкімі, ақсақалдар, белсенді жастар мен тұрғындар қатысты. Жиналған қауым отбасының қуанышымен бөлісіп, ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін арнады.

Өз кезегінде көпбалалы ана ауыл жастарына, ағайын-туысқа және осы іске атсалысқан барлық жанашыр жандарға жүрекжарды алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

«Жайлау» бағдарламасы: мал шаруашылығына жаңа серпін бере ме?

Redaktor Arysinfo

«Киелі мекен» акциясы аясында ұлттық парктерден 12 тонна қоқыс жиналды

berdaly_oraz

Арыста тазалық талаптарын бұзғандарға 333 әкімшілік хаттама толтырылды

berdaly_oraz