Арыста жаңа жыл қарсаңында балалар үйінде шаттыққа толы кеш өтті

Сурет: Арыс қ. әкімдігі

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Т.Тәжібаев атындағы балалар ауылында тәрбиеленушілерге арналған ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Қуаныш пен жылулыққа толы кешке «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облысы Арыс аудандық басқармасының басшысы Асқар Сүлейменов қатысып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Шара барысында қонақ балаларға ізгі тілегін арнап, барлық тәрбиеленушіге арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілерді табыстады. Бұл игі бастама балалардың мерекелік көңіл күйін көтеріп, жаңа жылды ерекше қуанышпен қарсы алуына себеп болды.

Мерекелік бағдарлама аясында балалар ән шырқап, би билеп, сахналық көріністер арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Ертегі кейіпкерлері қатысқан концерттік кеш әсерлі қойылымдармен толықтырылып, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Роза Рымбаеваның мерекелік концерті өтті

Түркістан облысында өңірлік нышан жобасы бойынша жұмысшы топтың отырысы өтті

Түркістан облысының жастары “Qaisar-2025” патриоттық ойындарында жүлделі орынға ие болды

berdaly_oraz