Түркістан спортшылары 2025 жылы 1668 медаль жеңіп алды

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде облыстың дене шынықтыру және спорт саласының жыл қорытындысына арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға әлемдік және құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жаттықтырушылар, спорт саласының өкілдері қатысты. Салтанат «Чемпион боламын» атты көрініспен басталып, өңір спортындағы жетістіктерді көрсеткен бейнеролик пен өнер көрсетілімдерімен жалғасты.

Жыл үздіктерін марапаттау барысында бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, каратэден Әсел Қанай, пара дзюдодан әлем чемпиондары және басқа да халықаралық ареналарда ел абыройын асқақтатқан спортшылар құрметке ие болды. Барлығы 25 үздік спортшы марапатталып, футболдан, төрешілік және спорт саласының басқа мамандары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Сондай-ақ үздік қала мен аудан, жаттықтырушылар мен спорт мекемелері де арнайы құрметке ие болды.

2025 жылы Түркістан облысының спортшылары Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарында 1668 медаль жеңіп алды. Өңірде 100 мемлекеттік, 179 жекеменшік спорт ұйымы жұмыс істейді, 89 мыңнан астам спортшы 63 спорт түрімен шұғылдануда. Жыл ішінде 3200-ден астам спорттық іс-шара өткізіліп, 273 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл көрсеткіштер спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын дәлелі болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

berdaly_oraz

Шымкентте екі айда елуден аса тұрғын туберкулез жұқтырған

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНДЕ» ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Redaktor Arysinfo