Өмірді сақтайтын қарапайым қадамдар

Көмірқышқыл газы — көзге көрінбейтін, иіссіз, бірақ аса қауіпті. Бір сәттік бейқамдық бірнеше адамның өмірін бір мезетте қиып кетуі мүмкін. Өкінішке қарай, мұндай қайғылы жағдайлар жыл сайын тіркеліп отыр.

Ең қынжылтатыны — олардың басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтаған жағдайда алдын алуға болатын еді. Уланудың алдын алу күрделі емес, алайда өмір үшін аса маңызды.

Пештің жарамдылығын уақтылы тексеру,

мұржаны тазалау,

үй ішіне таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз ету —

қауіптің алдын алатын негізгі шаралар.

Қазіргі таңда алдын алу жұмыстары күшейтіліп, тиісті тексерулер жүргізілуде. Дегенмен ең басты жауапкершілік әр отбасының өзінде. Салғырттық орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін.

Өмір — ең қымбат құндылық. Қауіпсіздікке бейжай қарамаңыз. Өз өміріңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА Р.СЕИТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫ БИЫЛ 150-ГЕ ЖУЫҚ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАҒАН

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров Шардара тұрғындарымен кездесті

Альфия Адамбек

Түркістан облысында 51,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды