Иранда наразылыққа қатысқан азаматқа өлім жазасы қаупі төніп тұр

Сурет: reuters

Иран билігі наразылық акцияларына қатысқан 26 жастағы Ерфан Солтаниге өлім жазасын қолдануы мүмкін. Бұл туралы Iran Human Rights құқық қорғау ұйымы хабарлады.

Ұйым мәліметінше, Солтаниге «Құдайға қарсы соғыс ашты» деген ауыр айып тағылып, оны дарға асу үкімі 14 қаңтарға белгіленуі ықтимал. Ерфан Солтани алты күн бұрын ұсталған.

Аталған дерекке қатысты Иранның ресми органдары әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Құқық қорғаушылар бұл істің әділ қаралуына алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қауымдастықты назар аударуға шақырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сауалнама: қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы сайлауда дауыс беруді жоспарлап отыр

Redaktor Arysinfo

Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды

berdaly_oraz

Түркістандық жас шахматшы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды