Тоқаев: Президент мерзімінен бұрын кетсе, сайлау екі ай ішінде өтуі тиіс

Сурет:gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кезектен тыс сайлауды екі айдың ішінде өткізу туралы нақты норманы бекітуді ұсынды.

Президенттің айтуынша, бұл бастама мемлекеттік басқарудағы сабақтастықты сақтауға, биліктің легитимдігін қамтамасыз етуге және саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Ұсынылған норма қабылданған жағдайда, Мемлекет басшысы өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатса, елде Президент сайлауы қысқа мерзім ішінде өткізіліп, билік вакуумына жол берілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 8 адамды қарақұрт шақты

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің маңызды басымдықтарының бірі- ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту, жетілдіру қызметі

Түркістан облысы ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген жобалар саны бойынша көш бастады