Арыста сайлау және қоғам тақырыбында кездесу өтті

«С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  №1 учаскелік сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Отарқұл Айжан және тарих пәнінің мұғалімі Құдияр Назерке 9”А”сынып оқушылары арасында дүниежүзілік сайлау күніне байланысты «Сайлау және қоғам» тақырыбында кездесу өткізді.
Мақсаты оқушылардың Дүниежүзілік сайлау күні туралы түсініктерін кеңейту. Халықаралық сайлаудың жоспары, халықтың сайлау туралы құқықтық білімдерін кеңейту мақсатында жүргізілетін жұмыстармен таныстыру.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. ‎
Аталған іс- шараға Арыс қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Маханов және аумақтық сайлау коммиссия төрағасының орынбасары Н.Адильбеков қатысып, оқушылармен пікір алмасып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс- шара жоғарғы деңгейде өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтың тарихи жарақаты: өткеннің ізі бүгінге қалай әсер етіп отыр?

berdaly_oraz

Шымкент әкімдігі Берденовтың оқиғасы туралы мәлімдеме жасады

Түркістан: Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді