Түркістанда Еуропаға тауар тасымалдайтын логистикалық орталық ашу мәселесі талқыланды

 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен кездесіп, өңірде Еуропаға бағытталған логистикалық орталық ашу мүмкіндігін талқылады. Кездесуде облыстың транзиттік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Аймақ басшысы Түркістанның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында орналасуы және халықаралық әуежайының болуы логистика саласын дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шетелдік компания өкілі Түркістан әуежайы арқылы Еуропаға 2000 тонна жүк тасымалданғанын, алдағы уақытта бұл көлемді арттыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Инвестор өңірде тауар сақтауға және буып-түюге арналған логистикалық орталық салуға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысында тараптар жобаны нақтылап, ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ZANDY KÚLKІ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Сәйкестік декларациясы мен қолжетімді орта заманауи талаптар

Redaktor Arysinfo