Түркістан облысының жас шахматшылары ел чемпионатында үздік үштікке енді

Түркістан қаласында 20–30 қаңтар аралығында өткен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Елдің 20 аймағынан жиналған мыңға жуық қатысушы бақ сынаған жарыс 2026 жылғы халықаралық турнирлерге іріктеудің шешуші кезеңі саналады.

Жекелей сындарда түркістандық спортшылар классика, рапид және блиц бағдарламалары бойынша бірқатар жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, Әсия Асылхан классикада алтын медаль алса, Айару Алтынбек пен Кәусар Батырбек бірнеше бағдарламада жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ блиц сайысында Нұрислам Сұлтанхан чемпион атанды.

Командалық есепте Түркістан облысының жас шахматшылары жалпы үшінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже өңірде балалар мен жасөспірімдер спортының, соның ішінде шахматтың жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Айналым жоқ, айналма жол көп пе?» Арыс қаласындағы мектеп директорлары неге ротацияға ілікпей отыр?

berdaly_oraz

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары азайған

berdaly_oraz

Түркістан: Салықтық түсімдер мен өзіндік кірістерді арттыру мәселесі қаралды