Арыста ауыл кәсіпкерлігін қолдауға арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды

Сурет: Арыс қ. Әкімдігі

Арыс қаласында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік жеңілдетілген несие мен субсидиялау тетіктерін түсіндіру мақсатында Ақдала және Дермене ауылдарында семинар-кеңес өтті. Іс-шараны әкім орынбасары Ерғали Омарұлының төрағалығымен құрылған арнайы жұмыс тобы өткізді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен шаруаларға «Ауыл аманаты» бағдарламасы, сондай-ақ көктемгі егіс пен егін жинау науқандарын қаржыландыруға арналған «Кең дала–2» бағдарламасының талаптары кеңінен таныстырылды. Сала мамандары несие алу шарттары, қаржыландыру бағыттары мен мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, бұл бастамалардың ауылда кәсіп бастауға және шаруашылықты кеңейтуге беретін тиімді тұстарын атап өтті.

Сонымен қатар қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айдос Сазанов егін және мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға, балық өсіруге ниетті кәсіпкерлерге, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізуді жоспарлаған шаруаларға қарастырылған субсидия түрлері жөнінде мәлімет берді.

Семинар барысында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, құжат тапсыру тәртібі, жобаларды сүйемелдеу және қолдау алу жолдары бойынша нақты жауап алды.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін бастау немесе дамытуға ниетті азаматтар жұмыс күндері қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне жүгініп, қажетті кеңес пен қолдауға ие бола алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ОРДАСЫНАН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ МЕН АРНАЙЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы «IQanat» Олимпиадасына қатыспақ