Түркістан: Қазығұрттағы төрт жастағы есепке жүйрік бала

Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында ерекше қабілетімен көзге түскен бүлдіршін өсіп келеді. Небәрі төрт жастағы Әли Адамбек ойша екі және үш таңбалы сандарды қиналмай қосып-азайтып, көбейту амалдарын ағылшын тілінде түсіндіріп бере алады.

Бойы сынып тақтасына әзер жеткенімен, логикалық ойлау деңгейі өз қатарластарынан әлдеқайда озық. Тәрбиешілері оның білімге құштарлығын байқап, мектепке баруға кеңес берген. Қазір ол дайындық сыныбында оқиды.

«Алтынтөбе» орта мектебінің мұғалімі Әлия Миятбекованың айтуынша, Әли кейде 5–6 сынып оқушыларына ұсынылатын күрделі есептерді жылдам шығарып, үлкендерді таңғалдырып жүр.

Анасы Нұргүл Мырзағали ұлының қызығушылығы өзгеше екенін айтады. Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық видеоларды тамашалағанды жөн көреді. Ұйықтар алдында ертегі сұраудың орнына, есеп шығарып, көбейту кестесін қайталауды өтінеді.

Ол тек математикамен шектелмейді: әліпбиді толық меңгерген, енді ағылшын тілінде сауатты жазуды мақсат етіп отыр. «Маған балабақшадан гөрі мектеп қызық» деген сөзі оның білімге деген ықыласын аңғартады.

Жергілікті ұстаздар дарынды баланың болашағынан зор үміт күтіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында әкімдер мен басқарма басшыларының жұмысына жаңа бағалау жүйесі енгізіледі

berdaly_oraz

Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы өтті

Түркістан: Саурандықтар Түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді