Шымкент: Зейнеткерлердің таңғы жаттығуында әуен қосуына шектеу қойған полиция әрекеті талқыға түсті

Сурет: ЖИ

Шымкенттегі «Металлург» саябағында зейнеткерлердің таңғы жаттығуы күтпеген дауға ұласты. Әдеттегідей ертемен жиналған тұрғындар сергіту жаттығуларын шағын колонкада қосылған әуен арқылы орындап жатқан.Осы сәтте полицейлер келіп, әуеннің дыбысын өшіруді талап еткен.

Жаттығуға қатысушылар әуеннің қатты болмағанын, ешкімге кедергі келтірмегенін айтады. Олардың сөзінше, зейнет жасында да белсенді өмір салтын ұстанып, денсаулықтарын күтіп жүрген адамдарға мұндай шектеу түсініксіз көрінеді. Ал полицейлер мұны тұрғындардан түскен шағыммен байланыстырады.

Оқиға әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірі тәртіп талаптарын сақтасын десе, енді бірі зейнеткерлердің салауатты бастамасына түсіністікпен қарау керектігін алға тартуда.Ал сіз қандай пікірдесіз?

Ұқсас жаңалықтар

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

berdaly_oraz

Мемлекеттік рәміздер күні: Түлкібаста көпбалалы аналар мен еңбек адамдары марапатталды

Redaktor Arysinfo

Түркістан экономикасындағы серпіліс: өңір қазынасына алғаш рет 1 трлн теңгеден аса салық түсті

berdaly_oraz