Түркістанда әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру жолдары талқыланды

 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек құрылыс саласындағы жетекші компаниялар өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында өңірде жоспарланып отырған жаңа жобалар, олардың қаржыландыруы және іске асыру тетіктері жан-жақты қарастырылды.

ЕРС-F механизмі таныстырылып, толық дайын нысандарды іске қосу мен қаржыны тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік нысандар салу бастамаларына басымдық берілді.

Қанат Қайыпбек:

«Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін бизнес өкілдерімен әріптестікті күшейтуге дайынбыз. Тиімді жобалар өңірдің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуы тиіс. Біз жобаларды жедел әрі нәтижелі жүзеге асыруға мүдделіміз».

Компания өкілдері жаңа нысандар салу, ғимараттарды күрделі жөндеу, қайта құру жұмыстары, қаржыны кезең-кезеңмен өтеу, құжаттамадағы қателіктерді болдырмау жолдары бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ ІТ hub жобасы таныстырылды.

Жиынға облыстың салалық басқарма басшылары да қатысып, өзекті сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Әр жоба бойынша нақты қадамдар мен іске асыру мерзімдері нақтыланды.

Бастамалар талданып, қажет болса қосымша ұсыныстар енгізілетін болды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕШЕК МЕКТЕП АТА-АНАЛАРЫ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Redaktor Arysinfo

Арыста түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

АРЫС: ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫ ЖАҢА 165 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo