Түркістандағы ең ірі жылыжай алғашқы өнімін нарыққа шығарды

Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан еліміздегі ең ірі жылыжай кешені – Экокультура Евразия алғашқы қызанақ өнімін ішкі нарыққа жөнелтті.

Жоба бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Заманауи технологиямен жабдықталған кешен жыл бойы сапалы көкөніс өндіруге мүмкіндік береді. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 150 адам еңбек етеді. Жаңа өндірістік блоктар іске қосылған соң қызметкерлер саны кезең-кезеңімен 800-ге дейін ұлғаяды. Орташа жалақы көлемі 320–350 мың теңгені құрайды, барлық жұмысшылар ресми түрде тіркелген.

Жобаның жалпы инвестициялық құны – 42 млрд теңге. Жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіру жоспарланған. Қаржыландыруды Қазақстанның Даму банкі мақұлдап, 2023 жылы 23,5 млрд теңге бөлген.

Жылыжай кешені Нидерландтан әкелінген заманауи жабдықтармен қамтылған. Бүгінде 40 гектар аумақта металл конструкциялар орнатылып, инженерлік желілер жүргізілген. Қазандық пен жанар-жағармай қоймасының құрылысы аяқталған. Сегіз жылыжай блогының төртеуі техникалық дәлізімен бірге іске қосылған.

Кешеннің ресми ашылуы биыл көктемге жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта ерекше баланы ұрған маман жұмыстан шығарылды

berdaly_oraz

Түркістан қаласында облыс әкімі Көшеровтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған маңызды жиын өтті

berdaly_oraz

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ДИКТАНТ, МАЗМҰНДАМА ЖӘНЕ ШЫҒАРМА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo