АРЫСТА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ: ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС

 Арыс қаласы аумағында бекітілген жоспарға сәйкес ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығын жақсартуға бағытталған шараға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары, медицина қызметкерлері, ерікті жастар және тұрғындар белсене қатысты.

Қатысушылар өздеріне бөлінген аумақтарда шөп орып, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Жиналған тұрмыстық қалдықтарды Khazakh Real Stroy мекемесі арнайы техникамен дер кезінде шығарып отырды. Ұжымдық еңбектің нәтижесінде көшелердің келбеті жаңарып, қаланың көркі айтарлықтай жақсарды.

Сонымен қатар, жеке сектор мен көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары да аула тазалығына белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Бұл бастама тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсетеді.

Қала тазалығы – әрбір азаматтың мәдениетінің айнасы. Осыған орай, қала әкімдігі арыстықтарды мұндай игі шараларға тұрақты түрде атсалысуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

ТАСТЫДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТОЙ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, БІРЛІККЕ ҰЙЫТҚЫ

berdaly_oraz

Түркістанда ұстаздардың біліктілігін арттыруға арналған «Ustazga AI» жобасы таныстырылды

berdaly_oraz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты әлдекімдер атып кетті

berdaly_oraz